Балабақшаның қаржысын қалтасына басқандар сотталды

23

Бейнеу ауданының балабақшасында заңсыз жолмен қаржыны иемденгендер жазасын алды.

Аудан прокуратурасы тексеріс барысында «Куйкен» балабақшасында қаржылық саласында заң бұзушылықтарды анықтады.

Мекеме директоры мен есепшісі ата-аналармен төленген қаражатты –өздерінің жеке шоттарына заңсыз аударып, мемлекетке 12 млн теңгеден астам шығын келтіргені белгілі болды.

Аталған факті бойынша прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, заңсыз иемденген қаражат соммасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.

Есепші 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Келтірілген залал толық көлемде өтелді.

 

Алдыңғы пост
Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді
Келесі пост
Ақтаудағы тұрғын үй әжетханаға айналған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu