319
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.
“Бұл мәселе бойынша жұмыс басталды. 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салу бойынша АРВ дайындалған. Ол үкіметаралық комиссияда мақұлданған. Қазір ішкі істер министрлігімен келісіледі. Басқа нормалар бойынша вендор аппараттарды сату немесе жарнаманы тыюда АРВ мәселесі бойынша жұмыс істелініп жатыр”, – деді вице-министр.
Яғни, 21 жасқа толмағандарға зиянды өнімдер сатылмайды. Мамандар құрамында таурин, мелатонин, карнитин сияқты 10-15 түрлі қоспасы бар өнімді тұтыну жүрек-қан тамыры, қант диабеті, бүйрек, жүйке тамырлары ауруына алып келетінін жеткізетін айтып отыр.