Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 94 млрд теңге бөлінген

Теги: ,
983

Елімізде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 94 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балалар, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалар мен оқу үздіктері демала алады.

Бұдан өзге «Қазақстан халқына» қоры Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысын қолдап, еліміздің үздік сауықтыру орталықтарына ауылдық жерлерден 20 мың дарынды, талантты, оқуда үздік атанған балаларды жіберуді жоспарлап отыр.

Балалардың қала маңындағы лагерьлерде демалуынан өзге, басқа да форматтардағы демалыстар ұйымдастырылады.

«Мәселен, жаз айларында 1,5 миллионға жуық бала қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелерге қатысады. 188 мыңнан астам бала киелі жерлерге саяхаттап барады. 25 мың бала спорттық-жаттығу жиындарынан өтеді, ал тағы 211 мың бала тіл курстарымен қамтылады», – деді министр.

Алдыңғы пост
Шымкентте білім беру мекемесі бір баскетбол добын 232 мың теңге сатып алмақ болған
Келесі пост
Шымкентте 4 кәсіпорын жұмысшыларының құқықтары тапталған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu