168
Шалқар ауданы Білім бөлімінің басшысы пара алу бойынша күдікті деп танылды.
Ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деп күдіктелуде.
Аталмыш істі Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеуде.
Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды.