361
Атырауда браконьерлер қамыс арасына жасырып кеткен бекіре тұқымдас балық түрлері табылды.
4 қап бекіре тұқымдас балықты Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясы барысында шеңберінде Жайық өзеніндегі қамыс аймағынан тапқан. Оның жалпы салмағы – 101,6 кг.
Аталған жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінің белгілері бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.
Балық ресурстарына келтірілген залал алдын ала есеп бойынша 105 156 000 теңге.