173
Ұлттық статистика бюросының 1 тамыздағы мәліметі бойынша елімізде 20 182 003 адам тұрады. Жыл басынан бері тұрғындардың саны 148 мыңнан аса адамға артқан.
Әйелдер саны – 10 332 836 болса, ер азаматтар 9 859 116 құрап отыр.
Халық ең тығыз қоныстанған өңірлерді атап айтар болсақ, Алматы қаласы көш бастайды. Шымкент бесінші орында.
1. Алматы қаласы (2 264 499 адам);
2. Түркістан облысы (2 151 923 адам);
3. Алматы облысы (1 547 228 адам);
4. Астана (1 481 402 адам);
5. Шымкент қаласы (1 241 809 адам) кіреді.
Сондай-ақ, Жамбыл (1 223 625 адам) және Қарағанды (1 134 588 адам) облыстарында миллионнан аса адам тұратыны белгілі болды.