Шымкентте лак-бояу өнімдері сақталған қойма өртеніп кетті

Теги: , , ,
260

Шымкентте  лак-бояу өнімдерін сақтайтын қойма отқа оранды. Оқиға бүгін, 5 маусымда түнгі уақытта Еңбекші ауданындағы 238 кварталда болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне  сағат 00.25-те қоймада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрайтын бір қабатты қойманың ішінде лак-бояу өнімдерінің жануы орын алғанын анықтады. Қызыл жалын сағат 2.44-те толығымен сөндірілді. Оны сөндіруге Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 70 адам, 19 техника, апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Алдыңғы пост
Шымкент полицейлері пошта жөнелтілімдерін тексеріп жатыр
Келесі пост
Тәттіқұмар екі жігіт гипермаркеттен 50 мың теңгенің Kinder Joy тәттілерін ұрлап кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu