Түркістан облысының полицейлері Ордабасы ауданында суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тың деректер жинады. Бұған дейін жасөспірімнің өліміне қатысы бар деген күдікпен 11 сынып оқушысы ұсталған болатын. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт.
ІІМ Telegram-каналындағы мәліметке сүйенсек, күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.
Бұған дейін Ордабасы ауданында ауыл шетінен кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9 сынып оқушысының мәйіті каналдан табылғаны белгілі болған еді.