Шымкент қаласының 34 кәсіпорны жалақы бойынша қарыздарын төледі

145

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баяндады.

Қазіргі уақытта екі кәсіпорынның 72 қызметкері алдындағы жалақы бойынша берешек 8,5 млн теңгені құрайды. Берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушылары тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

2023 жылдың бірінші тоқсанында басқарма азаматтардың 490 өтінішін қарады. Нәтижесінде 80 тексеру жүргізілді, 98 бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 93, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 5. Анықталған 72 бұзушылық жойылды және заңға сәйкес келтірілді.

Олар бойынша 46 ұйғарым беріліп, 5,1 млн теңге сомасына 24 айыппұл салынды, оның 2,8 млн-ы өндіріліп алынды.

Біздің қаламыздың кәсіпорындары мен мекемелерінде тұрақты негізде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізіледі. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі таңда қаланың 1 452 кәсіпорнында өндірістік кеңестер өткізілді, 144 кәсіпорынға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілді.

Айта кетейік, еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Шымкенттегі жұмыс істеп тұрған 7558 компанияның тек 2538-і ғана сақтандыру шарттарын жасасты, бұл 33,6% -. құрайды.

“Vision Zero-нөл жарақат” тұжырымдамасына Шымкент қаласының 70 кәсіпорны қосылды. 2020 жылғы 22 қазандағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде Мемлекет басшысының ірі кәсіпорындарда жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауды бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған “Халықтық бақылау” жобасын енгізу туралы тапсырмасы берілді. Бүгінгі таңда қаламыздың 18 кәсіпорны жобаны енгізді.

Естеріңізге сала кетейік, еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда тұрғылықты жері бойынша немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға еңбек заңнамасын бұзу фактілері туралы шағыммен не сот органдарына жүгіну қажет.  Еңбек шартының талаптары бұзылған жағдайда қызметкер еңбек заңнамасын бұзу туралы шағыммен еңбек инспекциясының уәкілетті органына жүгіне алады. Шағым жазбаша нысанда жұмыс берушінің Т.А. Ә., лауазымы, толық атауы, оның орналасқан жері және еңбек шартының талаптарын бұзу фактісінің сипаттамасы көрсетіле отырып беріледі. Егер қызметкердің құқықтарын бұзу фактісі анықталса, онда мемлекеттік еңбек инспекторы жіберілген бұзушылықтарды жою туралы талаппен жұмыс берушіге ұйғарым шығарады. Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Алдыңғы пост
Шымкентте жаңа емхананың құрылысы басталды
Келесі пост
Шымкенттіктер арасында сұранысқа ие үш “отбасылық” Мемлекеттік қызмет

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu