375
Түркістан облысы Бәйдібек аудандық сотының үкімімен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сотталды. Ол «Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс» объектісінің жұмыстарын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен экс-шенеунік параның отыз еселенген сомасы – 12 млн теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.