“Өгей шешесі ұрып өлтірген”. Тағы бір бүлдіршін азаппен көз жұмды

424

Алматыда 7 жасар қыз азаппен қайтыс болды. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, бүлдіршінді өгей шешесі  ұрып өлтірген.

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-каналында жазуынша, жас қыздың өліміне күдікті – қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек.

“Қайтыс болған қыз күдіктінің күйеуінің бұрынғы некесіндегі қызы. Ер кісі қоғам белсендісінен шамамен 15 жасқа кіші.Ол аула сыпырушы” деп жазды журналист.

“Не молчи” қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрінің Instagram парақшасында жазған мәліметінше, бүлдіршін дәретханаға үлгермей жуынатын бөлмені бүлдіргені үшін өгей шешесі аяусыз қан-жоса етіп ұрып-соққан көрінеді.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қыздың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің  99-бабы 3-бөлігімен іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ретінде1976 жылғы әйел азаматы ұсталып, қамауға алынды.

Алдыңғы пост
Түркістандағы ауыл кітапханаларына 26 мың кітап тарту етілді
Келесі пост
Жамбылда жүк пойызы рельстен шығып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu