Бұған дейін, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, апатқа кінәлі деп танылғандарды қарапайым қызметкерлер емес екендігін тікелей жауапты инженерлік-техникалық қызметкерлер екенін айтқан болатын.
“Үкіметтік комиссия жұмысының нәтижесінде 28 адамды анықтадық. Олар – жауапты адамдар, жауапты қызметкерлер. Материалдар тергеу органдарына берілді, тергеу жұмыстары жүргізіліп, кейін сот олардың кінә дәрежесін анықтайды. Арселор Миттал Теміртау бас директоры Яблонский, АМТ кадрлық директоры – Винокурова, көмір департаментінің техникалық директоры – Белый, АМТ көмір департаментінің атқарушы директоры – Огай және т.б., – деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан шамамен 3 ай бұрын Қарағандыдағы АрселорМитталТеміртаудың Костенко көмір шахтасында жарылыс болып, 46 жұмысшы көз жұмған болатын.