Мәжіліс депутаты ТікТок қолдануға тыйым салуды ұсынды

329

Елімізде балалар мен жасөспірімдердің ТікТок әлеуметтік желісін қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Мұндай ұсыныс ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай Үкімет басшысының орынбасары мен Бас прокурордың атына жолдаған сауалында айтты.

Мәжілісмен өз сауалында жасөспірімдер арасында жантүршігерлік тосын оқиғалардың соңғы уақытта тым жиілеп кеткені – мектептерде, отбасында, бүгінгі қоғамда бала тәрбиесі мәселесі ақсап тұрғандығын көрсететінін алға тартқан

Депутат елде болған бірнеше оқиғаларды тізбектей келе, жауапты органдардың шындықты жасырып қалуға ұмтылатынын да атап өткен.

«Әлеуметтік желілерде ел дүрлігіп, жаңғырығы жалпақ жұртқа жайылғанда ғана ресми органдар тарапынан осы оқиғалардың ақиқаты айтыла бастады. Ал, осы іспеттес оқиғалардың қаншасы жабулы қазан күйінде қалып жатқаны бізге беймәлім», – деді Аманжол Әлтай.

Халық қалаулысының пікірінше, Қазақстанда балалар арасында шектеусіз қызмет жасап жатқан TikTok әлеуметтік желісін кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында тыйым салу керек.

Алдыңғы пост
Алматыда басы шабылған әйелдің мәйіті табылды
Келесі пост
Шенеуніктер 3 коттедж бен 2 пәтерді арзан бағаға сатты деген күдікке ілінді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu