«Ордабасы» мен «Ақтөбе» жанкүйерлері төбелесіп қалды

353

Шымкентте жергілікті «Ордабасы» футбол клубы мен «Ақтөбе» командасының жанкүйерлері жаппай төбелесті. Оқиға кеше, 9 сәуірде 11 шағынаудандағы «Прага» кафесінің алдында болған.

Бұл туралы 102 қызметіне куәгерлер хабарлаған. Әлденені бөлісе алмай қалған футбол жанкүйерлерінің төбелесін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқиға орнына бір топ полицей келген соң жаппай тәртіпсіздік орнатқандар тарқасқанын көруге болады.

Әзірге қалалық Полиция департаментінен бұл оқиға бойынша пікір алу мүмкін болмады. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, полиция басқармасына 20 шақты адам жеткізілген.

Еске салсақ, кеше Қажымұқан атындағы орталық стадионда шымкенттік «Ордабасы» командасы «Ақтөбе» ойыншыларымен матч өткізді. Кездесуге шамамен 20 мыңға жуық көрермен жиналды. Тартысты ойында төрешінің әрекетіне көрермендер наразылық білдірді. Оның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Ойын қорытындысы бойынша екі команда 1:1 есебімен тең түсті.

Алдыңғы пост
Қоғамдық автобус 6 адамды қағып, 5-уі мерт болды. Жауаптылар не дейді?
Келесі пост
Үшінші мегаполисте құрылыс материалдары шығарыла бастайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu