Шымкентте пробация есебінде тұрған адамдарға тұрақты жалақысы бар лайықты жұмыс табуға көмектеседі.
Еңбекші ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімі Шымкент қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығымен және Еңбекші ауданының полиция басқармасымен бірлесіп пробация есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкенің басты мақсаты-жақында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация есебінде тұрған сотталғандарға тұрақты жалақысы бар лайықты жұмыс табуға көмектесу.
Іс-шараға барлығы 12 жұмыс беруші және лауазымға 27 әлеуетті ізденуші қатысты. Солардың бірі-Сергей Андреев.
“Бүгін мен Бос орындар жәрмеңкесіне келіп, “Шымкентмай”ЖШС-не жолдама алдым. Біз сияқты азаматтарға жұмыс табуға көмектесетін іс-шараны ұйымдастырушыларға рахмет”, – деді Сергей Андреев.
Жәрмеңкеге келген азаматтарға enbek.kz порталда Шымкент қаласы бойынша орналасқан 1614 бос жұмыс орны ұсынылған.
Айта кетейік, үшінші мегаполисте жұмыссыздықпен белсенді күрес жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының деректері бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жыл соңына дейін 33 500 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылатын болады.
Айта кетейік, үшінші мегаполисте мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмайтын қала тұрғындары үшін қайта даярлау курстары қарастырылған. Сондай-ақ, бизнес негіздерін үйренуге және мемлекеттік грант алуға өтініш беруге болатын шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламалары бар.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында Адами капиталды дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Бұған дейін президент халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын.
“Көбінесе мемлекеттік органдар жағдайды нәтижелі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бейресми жұмыспен қамту және т.б. сияқты терминдермен бүркемелегенді ұнатады. Нәтижесінде көптеген адамдар жұмыссыздық пен әлеуметтік сенімсіздікпен жалғыз қалады. Бұл әлеуметтік және еңбек саласын сапалы жаңартуды талап етеді”, – деді президент.
Шымкентте бағдарламаларды халықтың әртүрлі топтарына қалай бейімдеу керектігін ойластырдық. Статистика көрсетіп отырғандай, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарда жұмысқа орналасу жағдайы нашар. Үшінші мегаполисте олар үшін арнайы “күміс жас”жобасы әзірленді. Ол 50 жастан асқан адамдарға тұрақты жұмыс орнын табуға көмектесуге бағытталған.