Шымкентте ерекше балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды

381

Ерекше балаларға қызмет көрсететін «Қамқорлық» орталығы ашылды. Елімізде алғаш рет ашылған мекеме 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев, «Қамқорлық қоры» қорының директоры Арайлым Еркінова, «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі Ғибрат Ауғанов қатысты.

Балалармен жұмыс істеу үшін орталықтың 36 маманы «Қамқорлық қоры» мен «Балама» оқыту орталығының келісімі негізінде біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

Келген қонақтар, орталықтың жұмысымен толық танысып, балалардың ата-аналарымен тілдесті. Оңалту ісі бойынша ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов:

— «Қамқорлық» орталығы аты айтып тұрғандай 18 жасқа дейін балаларға өз есігін қамқорлықпен ашады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ашылған мекеме «Қазақстан халқына қоры», «Самұрық-Қазына» АҚ-ы және «Қамқорлық қорының» демеушілігімен Финляндия, Жапония, АҚШ және Австрия елдерінің құрылғы жиынтығымен жабдықталды. Бұған дейін балалар өзге орталықтарда 3 ай ғана әлеуметтік қызмет алатын. Енді олар осында мамандардан ем алып, қосымша біліммен қамтылады. Біз қаламыздағы барлық ерекше балаларды осындай орталықпен қамту үшін алдағы уақытта тағы бір ғимараттың құрылысын жоспарлап отырмыз,- деді.

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Б.Жәмішев:

— Ерекше балаларға арналған емдеу орталығын ашуда ең үлкен мәселе – жергілікті әкімдіктің арнайы ғимарат дайындап беруі. Үлкен әрі балалармен жұмыс жүргізуге ыңғайлы ғимарат салып берген Шымкент қаласының әкімдігіне алғыс білдіреміз. Биыл елімізде осындай 8 орталық өз жұмысын бастайды. Бұл орталық алғашқы болып Шымкент қаласында ашылып отыр. Осы орталықта 1,5-18 жасқа дейінгі балалар күніне 4 сағат тегін оңалту қызметін алады. Шымкент қаласы әкімдігі қолдау білдіріп, ғимаратпен қамтамасыз етсе, біз тағы бір орталық ашуға дайынбыз, – деді.

Мамандардың мәліметіне сәйкес, қалада психоневрологиялық дертке шалдыққан және аутизммен ауыратын 220 бала тіркелген. Оның ішінде 40 тан астам жасөпірім, ем қабылдап жатыр. ал бүгінгі ашылған «Қамқорлық» орталығында 110 бала екі ауысымда жарты күн әлеуметтік қызмет алуына болады.

Айта кетейік, орталықта балаларға арналған проекциялық интерактивті сенсорлық бөлме, робототехника және лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері, емдік дене шынықтыру залы, мен тігін, ағаш, қыш шеберханалары қарастырылған.

Алдыңғы пост
Шымкентте 613 миллиард теңге неге жұмсалады
Келесі пост
Көпір астындағы каналдан 6 ай бұрын хабарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu