ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Теги:
206

Шымкенттегі
Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев атылмыш ауданның жыл соңына дейін 100
пайыз ауыз сумен қамтылатынын арнайы брифингте айтты.

Аудан
әкімінің сөзінше, Әл-Фараби — Шымкенттің орталық ауданы болғандықтан, мұнда
тұрғындар үшін барынша жағдай жасалуда. Тұрғындар ауыз сумен — 98%, электр
жарығымен — 96,5%, табиғи газбен — 99,5%, кәріз жүйесімен — 87%
қамтылған.

“Ағымдағы
жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланып, бүгінде аяқталуға жақын.
Аудандағы 404 көшенің 124-і жарықтандырылды”,-деді Р.Мыңбаев.

Биыл
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшасы мен 9
спорт алаңшасы орнатылатын болады.

Ауданның
басты көшелерін (102 көше) көріктендіру-көгалдандыру, ағаштарды және гүлдерді
күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, жасыл желектерді ретке
келтіру, суғару, өсік шөптерді ору жұмыстары бойынша мердігер мекеме «Build
stroi» ЖШС тарапынан жұмыстар атқарылуда.

Жыл
басынан бері мердігер мекеме тарапынан басты көшелердің бойына 3 300 дана ағаш
көшеті отырғызылса, жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тағы 6 мың данасын
қондыратын болады.

Айта
кетейік, Әл-Фараби ауданында биыл бұл бағдарлама шеңберінде 59 жоба іске
асырылады. Ал, 2021 жылы 11 ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді. 6
ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды. 2022 жылы
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданда I-II сектор бойынша 11
ойын алаңшасы орнатылады. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов (№70, 88-90, 89, 92 үйлер),
«Спорт» шағынауданы (№9, 24 үйлер), Ә.Диваев (№142-142б-144, 140-144б, 146
үйлер), Дулати (№ 205) және Қазыбек би көшесіндегі (№195 а) үйлердің аулалары
абаттанады. Жалпы биыл Әл-Фараби ауданы ойын алаңшасымен толық қамтылады.

Алдыңғы пост
Алаяқ әйел тұрғындарды 40 млн теңгеге сан соқтырып кетті
Келесі пост
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы жыл соңына дейін 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu