422
Астанада тәттіқұмар екі жас жігіт гипермаркетте ұрлық жасады. Полицияға сауда орнының өкілі хабарласып, бейтаныс адамдар сауда сөрелерінен Kinder Joy тәттілерін ұрлап әкеткені туралы арызданған.
Ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда олардың бірі жан-жағына қарап, ешкім бақыламай тұрған сәтті пайдаланып, серіктесінің сөмкесіне тосынсыйлары бар шоколадтарды салып жатқаны көрінеді. Екі жігіт 50 мың теңгеден астам сомаға бірнеше ондаған шоколад жұмыртқаларын иемденген. Олар оңай олжаны сатып жіберген.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті ретінде 22 және 23 жастағы екі жігітті анықтады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.