Бүгін 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында Жаңаөзен қаласында жарылыс болды. Төтеншеліктердің мәліметінше, 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылған. Салдарынан 150 шаршы метр аумақты алатын тұрғын үйдің кіреберісі қираған.
Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушысы және кинологиялық есептоп, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмылдырылды.
Оқиға орнында өрт орын алған жоқ. Қазіргі таңда мамандар болған оқиғаның себебі анықтауда.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, са5ат 11-45-те жағдай бойынша үйінділер астынан әйелдің денесі алып шығарылды. Осылайша қазіргі кездегі ақпаратқа сүйенсек, үйінділер астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесі алып шағарылды. 6 тұрғын жатқызылды. Құтқарушылар құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.