201
Жасөспірімнің мәйіті №5 мектеп-гимназияның жанындағы бос қалған ғимараттан табылған. Куәгерлердің бірі – адам мәйіті мектептен 50 қадам жерде жатқанын жеткізген. Бейресми ақпарат бойынша қаза тапқан қыз, 2010 жылы туылған.
Кісі өліміне қатысты, жергілікті полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
“Кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Оны зерттеу барысында зорлау белгілері табылмады, өлім себебі анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді”, – делінген полиция хабарламасында.