Шымкентте медицина қызметкерлері марапатталды

356

Шымкентт ақ халаттылардың кәсіби мерекесіне орай өткізілген салтанатты шарада қалалық денсаулық басқармасы атқарылған жұмыстарды баяндап, саладағы үздіктерді марапатталды.

Мерекелік шарада Шымкент қаласы әкімі мен мәслихат атынан Алғыс хат, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің салалық наградаларымен, атап айтқанда «Еңбек ардагері» , «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, ДСМ-нің Алғыс хат және Құрмет грамотасымен үздік сала мамандары марапатталды.

Салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар қоғамда медицина қызметкерлері ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Сіздердің халықты емдеудегі, жалпы елдің әлеуметтік дамуындағы еңбектеріңіз орасан зор. Кез келген төтенше жағдайда, қауіпті эпидемияға қарсы күресте, апат жағдайында медицина қызметкерлерінің еңбегі ерлікпен тең. Сіздерге үлкен табыс тілеймін және еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін»,-деді Қуаныш Асылов.

Айта кетейік, медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қалада 2020 жылдан бастап 15 жаңа денсаулық сақтау ұйымы ашылған. 2022 жылы қала медицинасы елеулі жетістіктерге жетті, соның ішінде онкогематология, нейрохирургия бөлімшелері және қалалық балалар клиникалық ауруханасында интервенциялық кардиология, ангиохирургия бөлімшелері пайдалануға беріліп, халыққа қызмет көрсетуде.

2023 жылдың 5 айының қорытындысымен Шымкент қаласында жалпы өлім көрсеткіші 12,5%-ға, нәресте өлімі 20,6% – ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 6,5% – ға төмендеп, жыл басынан бері қалада ана өлімі тіркелмеді. Алдағы жоспарлар – 4 қалалық емханада үздік тәжірибелер орталығының жобасын енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Мерекелік шарада құттықтау сөзін алған қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы медицина саласындағы елеулі жетістіктердің барлығы кәсіби білікті мамандардың арқасында екенін алға тартты.

«Биыл Биыл Шымкенттің жедел жәрдем дәрігерлері Қазақстан бойынша үздік атанды. Үшінші мегаполистің жедел жәрдем станциясының командасы жедел медициналық жәрдем қызметінің республикалық байқауында өз біліктілігін дәлелдеп, бас жүлдеге ие болды. Мүмкіндікті пайдаланып, барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын!”- деп атап өтті қаланың бас дәрігері.

Алдыңғы пост
Ауруханадан 42 млн теңге жымқырған бухгалтер 1,5 жылдан кейін ұсталды
Келесі пост
Мектеп директоры аттестат толтыру үшін ата-аналардан ақша жинатқан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu