Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 50-ден астам операция жүргізген. Оның ішінде 16-ын шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе отырып жүргізген. Нәтижесінде, 18 халықаралық және 9 өңірлік есірткі жеткізу арналары, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды. Жалпы айналымнан 800 келіден астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар, 4 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер тәркіленді.
“Алынған есірткі құны “қара нарықта” 5 миллиард теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 миллион бір реттік дозаға тең. ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72 Қазақстан азаматы мен шетелдікке қатысты соталды тергеп тексеру жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.