Кәсіпкерден жарты млн теңге бопсалағандар ұсталды

Теги: ,
267

Жетісу облысында ақша бопсалаумен айналысқан екі күдікті ұсталды.

Полицейлер ҰҚК облыстық департамент қызметкерлерінің көмегімен жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен екі күдіктіні дәмханадан құрықтады. ІІМ Telegram-каналының жазуынша, ұсталғандардан 500 мың теңге тәркіленді. Оны олар жәбірленушіден қорқытып алған.

«Күдіктілерді ұстау Алматы-Өскемен трассасының жол бойындағы дәмханалардың бірінде жүргізілді. Олардың бірі бұрын сотталған Алматының 53 жастағы тұрғыны болса, екіншісі Алакөл ауданының 35 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді  Жетісу облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағылар.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігіне (қорқытып алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
«Серпін» бағдарламасы бойынша қойылатын талаптар биылдан бастап өзгереді
Келесі пост
Шымкентте ретсіз сауда жасағаны үшін 600-ге жуық азамат жазаланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu