​Ақмолада өртенген көлік ішінен мәйіті табылған адамның кім екені белгілі болды

Теги:
344

Ақмолада өртенген көліктің салонынан табылған мәйіттің жеке басы анықталды. Polisia.kz жазуынша, 15 қарашада Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 33 жастағы тұрғынынан арыз келіп түскен. Оның айтуынша, өзіне тиесілі Mercedes МL автокөлігін белгісіз біреу ұрлап кеткен. Залал сомасы 3,2 млн теңгені құраған. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы 3-бөлігі (Көлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Mercedes МL автокөлігі Әуезов – Подгорная көшелерінің қиылысында Красный Яр бағытында өртеніп кеткен күйінде табылды. Жүргізуші бетон аялдамаға соғылып, сол жерде көз жұмған. Криминалистикалық есепке алу базасы бойынша қаза тапқан адамның жеке басы анықталды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, Нұрлы Көш кентінің 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Алдыңғы пост
​Сарыағашта бірнеше жігіт жас қызды көлікке күштеп отырғызып алып қашты
Келесі пост
​Алматыда 12 жасар оқушыны көлік қағып мерт қылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu