Ақшадан қысылған ер кісі сұлулық салонына ұрлыққа түсті

351

Шымкентте сұлулық салонына белгісіз ер адам кіріп, кассада тұрған 300 мың теңге ақша мен ақ түсті сөмкенің ішінде болған жалпы құны 300 мың теңгені құрайтын алтын бұйымдарды жымқырып кеткен. Бұл туралы полицияға кәсіп иесі арызданған. Оның шағымын полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті Жамбыл облысы аумағынан ұсталды. Ол сол өңірдің 35 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында ұсталған азамат заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді.

Қазіргі уақытта күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Оралда әскерилердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өтті
Келесі пост
Сарыағашта жезөкшелер ордасынан жеңіл жүрісті 26 қыз анықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu