Астанада №14 мектеп-гимназияның оқушысы 2-қабатқа көтеріліп бара жатып, баспалдақтан құлап кеткен болатын. Оны сыныптасы итеріп жіберген көрінеді. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі таңда мектеп директорының үстінен іс қозғалды. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиеве Facebook парақшасында жазды.
«Баланың анасымен байланыстамын. Қазіргі уақытта оқушының жағдайы орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді, нұсқауларды орындайды. Когнетивті функциясы сақталған. Қарашығы бірдей, фотореакция сақталған. Комаға түскен жоқ. Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің оқу жылына дайындық сапасы бойынша тексеру жүріп жатыр», – деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева.
Ал “НеМолчиKZ” қорының жетекшісі Дина Смаилованың Instagram парақшасындағы жазбасына сүйенсек, мектеп баспалдағынан құлап кеткен бала үш күн бойы жансақтау бөлімінде комада жатқан.