322
Астанада СПА-салонның еден жуушысы клиенттің алтын бұйымдарын жымқырған. Зергерлік бұйымдарды ұрлау фактісі бойынша полицияға клиент хабарлаған.
Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола облысының Ильинка кентінің 31 жастағы тұрғынын анықтады.
«Еден жуушы келушінің алтын зергерлік бұйымдарын шешіп, киімінің қалтасына салғанын көрген. Бөгде адамдардың жоқ екенін пайдаланған еден жуушы клиенттің 600 мың теңгеге жуық алтын бұйымдарын жасырын ұрлап әкеткен»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.