Қазақстаннан шетелге қоныс аударушылар саны азайып келеді

Теги: , ,
104

Қазақстаннан шетелге қоныс аударушылар саны азайып келеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросындағылар хабарлады.

Мәселен, 2022 жылы Қазақстанда тұруға ықтиярхат алған адамдардың саны 17,4 мың адамды құраса, шетелге 24,1 мың адам көшіп кеткен. 2018 жылмен салыстырсақ, көрсеткіштер айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Сол кезде шетелден 12,7 мың адам келсе, сыртқа 41,8 мың адам кеткен. Осы ретте көші-қон сальдосы -29,1 мың адамнан -6,7 мыңға дейін азайған.

“Ал 2023 жылғы қаңтар-маусымда былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда елде тұруға ықтиярхат алғандар саны 13 652 адамды құрап, Қазақстанға келгендердің саны 87,3%-ға өсті. Бірінші жартыжылдықта елден кеткендер саны 6 996 адам болса, өткен жылдың алты айымен салыстырғанда ол 56,7% азайған. Нәтижесінде көші-қон сальдосы оң нәтиже көрсетті – 6 656 адам” делінген мәліметте.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында болған. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 89,1% болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 75,4% құрады.

Алдыңғы пост
Отырарда суға батқандарды іздестіру жұмыстарына шымкенттік құтқарушылар жұмылдырылды
Келесі пост
Композитор Ержан Серікбаевтың ұлы арқанға асулы тұрған қызды құтқарып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu