Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артады

Теги: , ,
311

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім беру педагогтерінің жалақысы тағы 30%-ға өседі.

Нәтижесінде еліміздегі 97 мың тәрбиешінің айлығы артады.  Жалақыны жыл сайын арттыру 2020 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

“Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында 20 390 педагог кәсіби біліктіліктерін арттырады. 79 мектепке дейінгі ұйымда “Құзырет орталықтары” жұмыс істейді. Мұнда тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, үздік жұмыстарымен бөліседі” делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар Үкімет балабақшаларда жаңа орындар ашу бойынша шаралар қабылдауда. Жыл басынан бері 29620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін балабақшаларда барлығы  81 мың, ал 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарлануда.

Бүгінде Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің бірыңғай базасын құруда. Бұл қызметтердің ашықтығын, деректердің бірыңғай тізілімін қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост
Шымкентте 100-ге жуық самокат пен мопед жүргізушілері жауапқа тартылды
Келесі пост
Шымкентте келесі жылы 6 жайлы мектептің құрылысы басталады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu