Бірден екі жүкті әйел Атырауда бір тәулікте қайтыс болды

372

Бір ауданнан екі жүкті әйел бір тәулікте Атырауда қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев шұғыл брифингте хабарлады.

“Өкінішке қарай, соңғы тәулікте Атырау облысында екі ана қайтыс болды. Олардың екеуі де бактериялық инфекция жұқтырған. Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылып аналардың өлімі жан-жақты тексеріліп жатыр”- деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев журналистерге берген сұхбаты барысында.

Жүктіліктің 17-аптасында болған 33 жастағы келіншек облыстық аурухананың нейрохирургия бөліміне түскен. Басқарма басшысы ауруханада жағдайы нашарлаған соң жансақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын айтты. Алайда науқас 12 қазан күні қайтыс болды.

Дәл сол күні Мақат ауданында 34 жастағы тағы бір әйел көз жұмды. Ауруханаға түскен сәтте жағдайы ауыр болғандықтан, бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бірақ көрсетілген емге қарамастан, науқас көз жұмды.

Қазір осы фактілерге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Былтыр Атырау облысында 20 жүкті әйел қайтыс болған. Оның 16-сы коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Осы жылдың 9 айында 5 жағдай тіркелген. Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) жүріп жатыр. Вирустық инфекциямен тәулік ішінде 15 жүкті әйел, 25 бала инфекциялық ауруханаға түскен, деп хабарлайды nur.kz тілшісі.

Алдыңғы пост
Колледждерге академиялық еркіндік берілді
Келесі пост
Ұ​лтты тәрбиелейтін ұстаз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu