424
Екі ұлдан соң қызды дүниеге әкелге келіншекке күйеуі су жаңа көлік сыйлады. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Онда жаңа босанған әйелді отбасы мен туыстары перзентхана алдынан салтанатты түрде күтіп алады. Осы сәтте күйеуі көлікті тарту етеді. Бұл сыйлықты көрген келіншек көзіне қуаныштың жасын алады.
Видеоны көрген желі қолданушылары ер азаматтың әйеліне деген құрметіне риза болып, ерлі-зайыптыларға бақыт тіледі.
«Алла тағалаға сансыз шүкіршілік. Жұғысты болсын», «Жарайсың», «Адамдар бір-бірін қуантқанға не жетсін?! Бақытты жандар барлығын бақытты көргісі келеді», «Маған да жұғысты болсыншы», «Бақытты болыңдар! Сәбидің бауы берік болсын», «Мықты, міне нағыз ер азамат», «Неткен бақытты отбасы» деп жазды желідегілер.