Екі ұлдан соң қыз туып берген әйеліне көлік сыйлаған ер азаматқа жұрт тәнті болды

Теги:
275

Екі ұлдан соң қызды дүниеге әкелге келіншекке күйеуі су жаңа көлік сыйлады. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Онда жаңа босанған әйелді отбасы мен туыстары перзентхана алдынан салтанатты түрде күтіп алады. Осы сәтте күйеуі көлікті тарту етеді. Бұл сыйлықты көрген келіншек көзіне қуаныштың жасын алады.

Видеоны көрген желі қолданушылары ер азаматтың әйеліне деген құрметіне риза болып, ерлі-зайыптыларға бақыт тіледі.

«Алла тағалаға сансыз шүкіршілік. Жұғысты болсын», «Жарайсың», «Адамдар бір-бірін қуантқанға не жетсін?! Бақытты жандар барлығын бақытты көргісі келеді», «Маған да жұғысты болсыншы», «Бақытты болыңдар! Сәбидің бауы берік болсын», «Мықты, міне нағыз ер азамат», «Неткен бақытты отбасы» деп жазды желідегілер.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында «Мәшһүр Жүсіп» ауылы құрылады
Келесі пост
Жас келіншек 1 млн теңге жәрдемақы алып беремін бірнеше тұрғынды алдап кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu