Екібастұзда целлофанға оралған «мәйіт» орнынан тұрып, қаша жөнелді

Теги:
375

Екібастұзда целлофанға оралған «мәйіт» таңғы уақытта серуендеуге шыққан әйелдің зәресін алды. Жергілікті тұрғын таңғы сағат 7-лер шамасында итін аулада серуендетуге шыққан екен. М.Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында ешқандай тіршілік белгісі жоқ, целлофанға оралған ер адамды көрген. Көзіне мәйіт болып көрінген келіншек полицейлерге хабарлауға асыққан. Алайда қолында ұялы телефоны болмағандықтан жақын маңдағы автотұрақ күзетшісіне өтініш айтыпты. Оқиға орнына полицейлер шұғыл жеткен. Тәртіп сақшылары целлофанды ашып қарағанда, ішіндегі «мәйіт» деген ер кісі орнынан тұрып, қашан жөнелген.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер кісі бір күн бұрын спирттік ішімдік көп ішіп қойып, үйіне жете алмай қалған екен. Содан аулада ұйықтай салуды жөн санапты. Кенеттен жаңбыр жауып кеткен соң айналада жатқан целлофанды тауып алып, оны үстіне жапқан күйі ұйқыға кеткен.

Алдыңғы пост
Шымкент әкімі әкімшілік-істерлік орталықтағы үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты
Келесі пост
Шымкентте альцгеймерге шалдыққан 90 жастағы әжей адасып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu