Көлігін жудырмақ болған шымкенттік әйел темір тұлпарынан айырылды

Теги: ,
338

Жетісай ауданында темір тұлпарын автокөлік жуу бекетіне қалдырып кеткен шымкенттік әйел көлігінен айырылды. Себебі жүргізушінің «Toyota camrу» маркалы көлігін белгісіз біреу айдап кеткен.

Жүргізуші әйел дереу полицияға арызданған. Аталған факті ҚР ҚК-нің 200 бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша  тіркеуге алынды.

Оқиға орнына жылдам жеткен  жедел-тергеу тобы іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлікті айдап кеткен адамды анықтады. Ол жергілікті тұрғын, автокөлік жуушы жігіт болып шықты.

Полиция хабарлауынша, көлік жуушы жігіт өзіне сеніп тапсырылған автокөлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Содан рөлге ие бола алмай өзге көлікке соқтығысып, жол жиегіне түсіп  аударылған.  Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңгені құрады.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Алдыңғы пост
А. Балаева: Қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу – басты назарда
Келесі пост
Шымкентте мамандандырылған ХҚКО-лар жаңа кестемен жұмыс істейді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu