348
Қызылордада кафе аспазы сейфтегі қомақты қаржыны жымқырып кеткен. Polisia.kz жазуынша, қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне кафе иесі ұрлық бойынша арыз түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу қызметтік кабинетіндегі сейфтен 3,6 млн теңге ақшасын ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 34 жастағы күдікті ұсталды. Ол кафенің бас аспазы болып шыққан. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.