366
Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғынынан шолақ мылтық пен оқ-дәрілер табылды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтаған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) тіркелді.
«Тінту шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары үйден 16 калибрлі шолақ мылтық пен 20-ға жуық оқ-дәріні алып шықты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жайлар анықталуда» делінген ведомство мәліметінде.