Кентау тұрғынынан мылтық пен 20-ға жуық оқ-дәрі табылды

13

Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғынынан шолақ мылтық пен оқ-дәрілер табылды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтаған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) тіркелді.

«Тінту шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары үйден 16 калибрлі шолақ мылтық пен  20-ға жуық оқ-дәріні алып шықты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жайлар анықталуда» делінген ведомство мәліметінде.

Алдыңғы пост
Ақмолалық әйел YouTube-тегі жарнамаға сеніп, 30 млн ақшасынан айырылды
Келесі пост
Астанада мас күйдегі пәтер ұрысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu