330
Ешбір емтихансыз жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған Шымкент тұрғыны ақшасынан айырылды. Жәбірленуші Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына арызданды. Айтуынша, әкімдікте көлік жүргізушісі болып жұмыс жасайтын танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сеніміне кіріп, 120 мың теңге ақшасын алған.
Қалалық Полиция департаментіндегілер тұрғынның арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін айтты.
Күдікті ер кісі бір тәулік ішінде қала аумағынан ұсталған. Ол – Шымкент қаласының 35 жастағы тұрғыны. Бұрын соңды сотты болмаған. Оңай жолмен алған ақшаны жаратып үлгеріпті.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.