Қарағандыда белгісіз біреулер Үндістан елінің 27 жастағы азаматын күштеп көлікке отырғызып, ұрлап әкеткен. Бұл туралы жәбірленуші полицейлерге өзі хабарлаған. Оның айтуынша, белгісіз адамдар оны күштеп Астанадағы пәтерге алып барған. Күш қолдану арқылы оны босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен. Polisia.kz жазуынша, қылмыстық топ мүшелері Астанадағы жалдамалы пәтерлердің бірінен құрықталды.
«Қарағанды облыстық Полиция департаменті үйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен 26 мен 34 жас аралықтарындағы Өзбекстан елінің төрт азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.