Отандық шоумен Руслан Дулатбаев Шымкент тұрғындарының еңбекқорлығына ерекше риза болған. Бұл туралы ол өзінің ТікТок парақшасында жариялаған видеода айтты.
«Барлығымыз қазақпыз ғой. Бірақ әр қаланың қазақтары әртүрлі. Шымкенттің қазақтары тынбай тіршілік істейтін құмырсқалар сияқты. Жатпайды, еңбекқор. Азаннан кешке дейін тірлік, тіршілік. Бос сөз жоқ, тек іске байланысты әңгіме айтады. Қанша байқаймын. Базар жоқ. Ұйықтамайды. Риза болдым. Шымкент мен сені жақсы көремін»,-деді шоумен.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары да шымкенттіктердің өте еңбекқор екенін алға тартып, шырайлы шаһар еліміздің қаймағы бұзылмаған аймағы екенін атап өткен.
«Шымкентте туылған адамдар бақытты ғой», «Шымкенттің өз заңы бар, оны шымкенттіктер ғана түсінеді», «Шынымен де солай. Риза болам», «Өте орынды айтасың», «Шымкенттіктердің «еңбек – бәрін жеңбек» деген ұраны бар», «Шымкент – қазақтың қаймағы бұзылмаған өңір», «Шымкенттің адамдары зың-зың», «Бұл қала Алланың нұры түскен жер ғой» деп жазды желі қолданушылары.