365
Шымкентте Еңбекші ауданында тұратын келіншек үш баласымен бірге далада қалды. Отбасылық жанжал болып, күйеуі әйелін балаларымен қоса үйден қуып жіберген. Күйеуінен зәбір көрген 35 жастағы ана қайда барарын білмей полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, мәселенің мән-жайын анықтау үшін көрсетілген мекенжайға учаскелік полиция инспекторы мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері барды. Нәтижесінде 38 жастағы ер азаматтың үстінен қорғау нұсқамасы толтырылып, 30 тәулікке есепке алынды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап әйел балаларымен бірге уақытша пана ретінде «Көмек» дағдарыс орталығына орналастырылды.