471
Жамбыл облысы, Тараз қаласында бірнеше тұрғын алаяқтың құрбаны болып, полицейлерге арыз жазған. Олар өз шағымдарында «пәтер кезегін жылжытып беремін» деп уәдені үйіп-төккен әйелге сеніп, қомақты қаражат бергенін көрсеткен. Алайда соңында ақшаны алған ол мүлдем хабарсыз кеткен. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 14 миллион 95 мың теңгені құрайды.
Полицейлер күдікті келіншекті ұстады.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментіндегілер.