368
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында тұрмыстық техника тасымалдап келе жатқан жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше, 14 желтоқсанда сағат 23.00 шамасында болған.
«Газель» жүк көлігі «Алтай-Катонқарағай» тасжолында Алтай ауданы Средигорное ауылына 3 шақырымдай жерде келе жатқанда кенеттен өрт шыққан. Белгілі болғандай, қысқа тұйықталудың салдарынан капот астындағы жанғыш бөлшектер өртенген. Тілсіз жау лезде көлік салонына жайылды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше көлік пен оған тиелген тұрмыстық техника толықтай жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство мәліметінде.