Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы жыл соңына дейін 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Теги:
210

Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

Шымкенттің бұл орталық ауданы ең көп қоныстанғаны белгілі. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Әл-Фараби ауданында 207 мың тұрғын тұрады. Мұнда 413-ке жуық көп қабатты үйлер мен төрт мыңнан астам жеке меншік үйлер орналасқан, сондықтан тұрғындардың өмір сүру сапасы, оның ішінде коммуналдық қызмет көрсету деңгейі – жергілікті билік жұмысындағы басты бағыттардың бірі.

Мысалы, ауыз сумен қамту деңгейі 98%, электр жарығы – 96,5%, табиғи газ – 99,5%, кәріз жүйесі – 87% құрайды. Ауданның 15 елді мекені ауыз сумен толық қамтамасыз етілген. Тек биыл ғана Текесу тұрғын алабында су құбыры қайта жаңартылуда, ол ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

Бұған дейін Әл-Фараби ауданының халқы биыл 100 пайыз сапалы интернетпен қамтамасыз етілетіні хабарланған болатын. Ол үшін базалық станциялар орнатылды, нәтижесінде 195-ші тоқсан, 275-276-шы тоқсан тұрғындары сапалы интернетке қол жеткізе алады.

Аудан әкімінің айтуынша, биылғы жылы көшелерді абаттандыру жоспарлары сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, 30 көшені асфальттау аяқталуға жақын, ауданның 404 көшесінің 124-і жарықтандырылған. Сонымен қатар, биыл “халыққа қатысу бюджеті” жобасы аясында 50 балалар ойын алаңы мен тоғыз спорт алаңы орнатылады.

102 көшеде мердігер ұйым “Build stroi” ЖШС абаттандырумен, оның ішінде көгалдандырумен айналысады. Жұмысшылар ағаштар мен гүлдерге күтім жасайды, уақтылы кеседі, көшеттерді ағартады және суарады, шөп шабады және көгалдардың тазалығын бақылайды.

Жыл басынан бері мердігер негізгі көшелердің бойына 3 300 ағаш отырғызды, күзде тағы алты мың ағаш отырғызу жоспарлануда.

Алдыңғы пост
ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Келесі пост
Үшінші мегаполис мектептерін мамандандырылған күзет агенттіктері күзетеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu