425
Оқиға 25 тамыз күні кешкі уақытта болған. 102 арнасына Тельман шағынауданында жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
40 жастағы ер адамның мәйітін қарау кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды.
Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркеді. Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты.
Полиция мәліметінше, ер адамдар арасында төбелес болып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.