Шымкентте тас түсіріп, жолды жауып тастаған тұрғынға айыппұл салынды

Теги: , , ,
416

Шымкентте жол ортасына тас түсіріп, көлік қозғалысына кедергі жасаған ер адам жауапқа тартылды.

Әл-Фараби ауданының тұрғындары полицияның 102 арнасына хабарласып, жергілікті азамат көшенің қақ ортасына тас түсіріп, жолды жауып қойғанын жеткізген.

“Оқиға орнына аудан әкімдігінің, прокуратураның қызметкерлері мен полиция басқармасының басшы құрамы және жедел тергеу тобы барды. Полицейлер ер адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолды түгел тазартты” деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы “Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске салсақ, кеше Шымкентте кәсіпкер әкімдіктің қолдануына берген жер учаскесі үшін төлемін ала алмай, жолды жауып тастаған болатын.  Соның салдарынан тұрғындар діттеген жеріне уақытында жете алмай, жолда кептеліс пайда болды.

Алдыңғы пост
Шымкенттік жігіт онлайн-сатылымға қойылған тауарларды ақшасын төлеместен сатып алған
Келесі пост
Жыл басынан бері теміржолмен 13,5 млн жолаушы тасымалданған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu