Шымкентте қылмыстық топ кәмелет жасына толмаған қыздарды сатумен айналысқан

Теги:
374

Шымкент қаласының полицейлері құрамында 11 адам бар ұйымдасқан топтың жолын кесті. Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында жыныстық пайдалану мақсатында адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Жас қыздарды Қазақстанның түрлі қалаларынан “ВКонтакте” әлеуметтік желісі арқылы жұмысқа қабылдағандығы, онда жақсы еңбек жағдайларымен жоғары ақы төленетін жұмыс ұсынғандары анықталды. Кейін алдау және сенімге қиянат жасау, құжаттарды алып қою арқылы жезөкшелікпен айналысуға тартылған, кейіннен қаланың жалдамалы пәтерлерінде, сауналарында және қонақ үйлерінде одан әрі пайдалану үшін оларды сату және алмасу жүргізілген, алынған табысты өздері иемденіп отырған. Тыңдамаған жағдайда зорлық-зомбылық көрсеткен, бопсалап, ойдан шығарған айыппұлдар салған, есірткіні (мефедрон) қолдануға мәжбүрлеген. Аталған факті бойынша ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу, адам саудасы, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, притонқұру, жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Жалпы еліміз бойынша өткізілген “Stop-трафик” операциясының кезекті кезеңінде жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притондарды ұйымдастырудың немесе ұстаудың 28 фактісі анықталды. Оның ішінде біреуі қанау мақсатында адамды ұрлау фактісі бойынша, адам саудасы бойынша – 3, жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі – 4, оның ішінде 2 кәмелетке толмағанды жезөкшелікке тарту фактісі бар, кәмелетке толмағандарды сатудың 5 дерегі тіркелді. Бұдан басқа, жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар бергені үшін 20 әкімшілік құқық бұзушылық және интимдік қызметтер мен қайыр сұрауға байланысты 294 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Алдыңғы пост
Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан топ ұсталды
Келесі пост
Жетісайлық әйел әкесін зейнеткерлікке шығарамын деп ақшасынан айырылып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu