Шымкентте заңсыз құрылысқа қарсы күрес шаралары күшейтілді

Теги:
310

Шымкентте жерді өз бетінше иеленетіндерге бақылау күшейтілді. Қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының үйлестіруімен мемлекет меншігіндегі жерлерге салынған тұруға жарамсыз заңсыз үйлер жаппай сүрілуде. «Жерді өз бетінше иеленуге жол жоқ» жобасы аясындағы тексеру нәтижелерінде 18 үй, 2 үйдің ергатасы бұзылды. Рұқсатсыз тұрғызылған ғимарат иелеріне 3 күн ішінде нысандарды бұзып алып кету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Абай ауданы Ынтымақ шағын ауданындағы 24 гектар және Достық шағынауданындағы 293 гектар бос жерлерге мемлекеттік актісі алынып, аталған басқарма меншігіне тіркелді.

Өз бетінше салынған құрылыс – бұл мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, тиісті заңнамаларға қайшы, рұқсатсыз салынған тұрғын үйлер, ғимараттар немесе жылжымайтын мүліктер болып табылады. Заңсыз құрылыс – бұл өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық немесе тұрмыстық объектілерге тиесілі жерге құрылыс жүргізу болып табылады. Сүрілген объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру қағидаларында бұзу – бөлшектеу немесе қирату жолымен құрылыстарды немесе құрылыс элементтерін толық немесе ішінара жою қарастырылған. Жерді өз бетінше иелену фактілеріне қатысты заң шеңберінде шаралар қолданылады.

Бұдан бөлек Шымкент қаласында заңсыз сауда мәселесі де бар. Осыған байланысты, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаладағы ретсіз сауда орындарын жоюға қатысты арнайы жиын өтті. Қала көркі мен тәртібіне нұқсан келтіріп тұрған заңсыз сауда қатарларын ретке келтіру мақсатында әр ауданда жұмысшы топ құрамы бекітілген. Мұндағы комиссия шешіміне сәйкес рейдтік іс шаралар жүргізіліп, заңсыз нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Мұрат Дүйсенбекұлы аталған жиын барысында әр аудан бойынша ретсіз сауда орындарын болдырмау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Мәселен, қала бойынша 1 500-ге жуық заңсыз сауда орындары анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасаған тұлғаларға 1125 әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, 200-ден аса кәсіпкерге айыппұл салынып, 5 млн-ға жуық айып суммасы өндірілген. Нақтырақ айтсақ, заңсыз әрі ретсіз сауда қатары қаланың базарларында («Қырғы базар», «Жабық базар», «Авто Нұр», «Жібек жолы») жиі кездеседі. Сондықтан базар айналасындағы ретсіз сауда жасаған тұлғаларға аудан аумағында ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелерде сауда жасауға ұсыныс берілуде.

Алдыңғы пост
Шымкентте медицина жиһаздарын шығаратын зауыт іске қосылады
Келесі пост
Шымкенттік спортшы ұлттық құрамаға алтын сыйлады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu