Шымкенттегі қоймада өрт шығып, бір адам күйіп қалды

Теги: ,
247

Шымкентте бір қабатты қоймада өрт шықты. Оқиға кеше, 21 мамырда Ломносов көшесі бойында болған.

Төтеншеліктердің мәліметінше, жалпы аумағы 2400 шаршы метрді құрайтын қойманың шатыры жанып кеткен. Қызыл жалын 280 шаршы метрді аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 50 қызметкері және 11 техникасы мен Апаттар медицинасы орталығы филиалының 4  қызметкері жұмылдырылды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 1983 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оның сол қолының 6% күйік шалған. Өрттің себебі анықталуда.

Алдыңғы пост
3 жасар баланың денесі арықтан табылды
Келесі пост
Шымкентте «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu