533
Шымкентте шомылу маусымында балаларды суда жүзуге тегін үйрету жұмыстары жалғасуда.
Төтеншеліктердің мәліметінше, бұл шара судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қолға алынған.
«Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері балаларды тегін жүзуге үйретуде. Аквапарк иелерімен ынтымақтастық туралы 13 меморандумға қол қойылды. Осы іс-шара аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін жүзіп үйрене алады» делінген ТЖМ мәліметінде.
Бүгінгі таңда қала орталығындағы «Фонтан» аквапаркінде 10-нан аса балаға құтқарушы-сүңгуірлер Талғат Тұрғынбаев пен Тоймұрат Қауымбаев суда жүзуді үйретіп үлгерген.